Емдік дене шынықтыру мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу кезінде кешенді оңалтудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және балалардың барлық қозғалыс мүмкіндіктерін жұмылдыруға, негізгі локомоторлық және статикалық функцияларды оңтайлы қалыптастыру және қозғалыс, функционалдық жүйелерді дамыту мақсатында моторикадағы ақауларды түзетуге бағытталған.

ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ (ЕДШ)

ЕДШ (емдік дене шынықтыру) — бұл арнайы таңдалған жаттығуларды қолданудан және дұрыс тыныс алудың реттеуден тұратын ауруларды емдеу, алдын алу және оңалту әдісі.

ЕДШ негізі организмнің негізгі биологиялық функцияларының бірі – ағзаның өсуінің, дамуының және қалыптасуының негізгі стимуляторы ретіндегі қозғалысты қолдану болып табылады.

Емдік денешынықтыру заманауи тәжірибелік медицинаның барлық бөлімдерінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

ЕДШ жаттығулары ми қыртысындағы жүйке процестерінің қозғалғыштығын өзгерте отырып, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді; ағзаның негізгі жүйелерінің қызметін реттейді (тыныс алу, қан айналымы және т.б.); зат алмасу процестерін жақсартады; ауру туралы ойдан алшақтатып және сергектік сезімін бере отырып, адамның эмоционалды жағдайына әсер етеді.

Біздің орталықта емдік дене шынықтыруды тек дәрігер тағайындайды және оның тағайындауы бойынша қатаң түрде ЕДШ нұсқаушысының бақылауымен жүрзігіледі. Емдік дене шынықтырудың құралдары мен әдістерін таңдағанда, аурудың ерекшеліктері мен науқастың қазіргі кездегі жағдайы міндетті түрде ескеріледі.

Бізге келесі аурулары бар науқастар жүгінеді:

· орталық және перифериялық жүйке жүйесінің ауруларымен (ми қанайналымының бұзылулары, жүйке жүйесінің аурулары, т. б.);

Біздің орталықтың емдік дене шынықтыру залы механотерапияға арналған заманауи жаттықтырғыштармен жабдықталған: жүгіру жолдары, гимнастикалық сақиналары бар швед қабырғасы, эргомерттер және т. б.

Эрготерапия кабинеті көптеген жаттықтырғыштармен және ұсақ моториканы дамытуға, қалпына келтіруге және жаттықтыруға арналған құрылғылармен жабдықталған.

Емдік дене шынықтыру мен оңалтудың ең заманауи әдістері, оңалту орталығының басқа бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастығы, әрбір пациенттің проблемаларын шешудің кешенді тәсілі және бөлімше мамандарының тәжірибесі пациенттерді физикалық оңалтудың ең тиімді әдістерін емдеу практикасына сәтті енгізуге мүмкіндік береді.

Механотерапия: буындарды пассивті қимылға келтіруге арналған арнайы құрылғыларда жүргізілетін емдік терапия әдісі. Терапияның бұл түрінің негізгі артықшылықтары: уақыт бойынша сабақтардың мөлшерлігі, жылдамдық, ырғақтық, буындардың иілу және жазылу бұрыштары. Тірек-қимыл аппараты зақымданған кезде пассивті механотерапия емдеудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және буындарды ұимыл-қазғалысқа келтіру үшін қолданылады. Буындарды қимыл-қозғалысқа келтір ауыртусыз түрде жүргізіледі, бұл әсіресе ауырсыну шегі төмен науқастар үшін өте маңызды. Механотерапияны пациенттер жақсы қабылдайды, өйткені жаттығудың жұмсақ режимі басқару пульті арқылы құрылғының жұмыс уақыты мен жылдамдығын өзгерте отырып, сабақтың қарқындылығын дербес реттеуге мүмкіндік береді. Механотерапия тірек-қимыл аппаратының жарақаты салдарынан қозғалатын буындардың қозғалғыштығы (контрактурасы) шектеулі пациенттерге көрсетілген.

Кинезотерапия: кинезотерапия өзін тірек-қимыл аппаратының белсенді қалпына келуіне, бұлшықеттің барлық компоненттерін, сүйек-бұлшықет ұлпасын, соның ішінде терең жатқан бұлшықеттерді тез қалпына келтіруге ықпал ететін сенімді және жоғары тиімді емдеу әдісі ретінде көрсетті. Бұнымен ішкі органдар мен ағза жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтірудің жүз пайыздық көрсеткішін айқындайды . Кинезотерапияны тағайындау көрсеткіштерінің арасында тірек-қимыл аппаратының әртүрлі аурулары, соның ішінде, омыртқа бағанының остеохондрозы, грыжа дискілері, сколиоз, дорсалгия, иық-жауырын периартрозы, гонартроз, коксартроз, мойын және омыртқаның бел-сегізкөз бөліктерінің тұрақсыздығы, қалыптың бұзылуы, функционалдық бұзылулармен бірге жүретін буындардың, арқадағы созылмалы ауырсынуы.