МУЗЫКАТЕРАПИЯ – балалардың ақыл — ой қабілетін белсенділеудің құралы болып табылады және баланың руани кескінінің қалыптасуына ықпал етіп, психологиялық келбетіне тұтастай жағымды әсер етеді. Сабақта балалар музыканың қарқынын, сипатын, музыкалық сөз орамдарының кереғарлығын ажыратуға, музыканың ауысуына сәйкес қимыл-қозғалысын өзгертуге, музыкалық-ырғақты дағдыларды және хореографиялық қимыл-қозғалыстарды үйренеді. Музыка арқылы жүргізілетін арнайы жаттығулар орындау үрдісінде кеңістікті көз алдына елестету және онда бағдарлау біліктілігін дамыту жүзеге асырылады. Белгілі бір жаттығуларды орындауды үйренген соң, бала өзінің денесінің қимыл-қозғалысын бақылауға және оны басқаруға үйренеді.