Жеке логопедиялық түзету сабақтары кешенді логопедиялық ықпал ету жүйесімен жүргізіледі. Фонетикалық жұмыс келесідей мәселелерді қамтиды:
• Фонематикалық есту;
• Ерін, тіл, ұрт, жұмсақ және қатты таңдайды артикуляциялық уқалау;
• Тыныс алу жаттығулары;
• Саусақ жаттығулары;
• Логопедиялық массаж

Логопедиялық массаж педагогикалық түзету жұмысында барлық жағдайда бұлшықет серпімділігінің бұзылысы болған кезде пайдаланылады. Ол сөйлеу бұзылысынан зардап шегетін адамдардың эмоционалдық жағдайын жақсартатын және сөйлеу аппаратының қан тамырларының, жүйке жүйесінің, бұлшықет қалпын өзгертетін, сөйлеудің дыбысталуын қалыпқа келтіруге әсер ететінмеханикалық ықпал етудің белсенді әдісі болып табылады.

Артикуляциялық жаттығу сөйлеу дыбыстарын қалыптастыру үшін жүргізіледі – дыбысталу бұзылыстарын түзету; дұрыс дыбыстау үшін қажетті белгілі бір тіл, ерін, жұмсақ таңдайды белгілі бір қалыпта өңдеп, артикуляциялық аппараттың ағзасының қимыл-қозғалысын жаттықтыратын жаттығуларды қамтиды;

Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.