Құрметті ата-аналар! Біздің орталық неврологиялық аурулары бар, 3-тен 7 жас аралығындағы балаларды оңалтады және сауықтырады. Балалардың оңалту орталығында болуы 15 күнді құрайды.

Біздің орталық балаларды мынадай диагноздармен оңалтады:

1. Түйілмелі церебралды сал ауруы

2. Қозғалыс және психо-сөйлеу бұзылыстары бар бассүйек ішіндегі жарақаттың салдары.

3. Орталық жүйке жүйесінің қабыну ауруларының салдары

4. Түйілмелі гемиплегия

5. Қатерсіз гипертензия

6. Церебралды киста

7. Түйілмелі диплегия.

8. Түйілмелі церебралды сал ауруы, гемиплегия.

Негізгі ауру бойынша медициналық оңалтуды жүргізуге жалпы қарсы көрсетілімдер:

әр түрлі себептен жиі қайталанатын немесе көп қан кету;

жиі ұстамалары болатын эпилепсия, әртүрлі этиологиядағы жиі жайылған ұстамалар;

жедел жұқпалы аурулар;

туберкулездің барлық түрлерінің белсенді кезеңі;

қатерлі ісіктер (III-IV саты);

III дәрежелі және одан жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі;

Пайда болу себебі белгісіз фебрильді қызба немесе субфебрильді қызба;

Ауыр қосалқы аурулардың болуы;

декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалар), бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық жеткіліксіздігі;

терінің іріңді аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және басқалар);

эмоциясы мен мінез-құлқының бұзылулары бар, тұлғаның әлеуметсіздену психологиялық аурулары;

жүрек ырғағы, жүрек жеткіліксіздігінің күрделі бұзылыстары;

айтарлықтай интоксикация кезіндегі әр түрлі іріңді (өкпе) аурулары;

жедел остеомиелит;

терең тамырлардың жедел тромбозы;

күніне 2-3 сағат ішінде медициналық оңалту бағдарламасына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де қосалқы аурулар болған кезде.

Оңалту еміне ресімдеу үшін қажетті құжаттар:

Туу туралы куәліктің көшірмесі

Стационарға емдеуге жатқызуға жолдама (№001-3/е нысан)

Амбулаториялық картадан көріме (№027/у нысан)

Профилактикалық екпе картасы (№063/у нысаны)

Үй, балабақша, мектеп бойынша эпидемиологиялық орта (3 күн мерзімге)

Жалпы қан талдауы (10 күндік мерзімге)

Жалпы зәр талдауы (10 күндік мерзімге)

3 реттік соскоб (10 күн мерзімге)

Ішекқұрт/ж нәжіс (10 күндік мерзімге)

Дерматологтың тексеруі

10 күннен аспайтын жұтқыншақ пен мұрыннан алынатын BL жағындысы

Егер ілеспе диагноздар болса, мамандардың кеңесі қажет болады.

ЭЭГ мониторингі (тырыспа синдромы, эпилепсия немесе соңғы 6 айдағы сурет).

МРТ, КТ көрсеткіштері бойынша зерттеулер.

COVID-19 (КВИ) зертханалық зерттеуінің теріс нәтижесінің болуы.

Сондай-ақ, төсек-орнына күніне 1500 теңге болатын ақылы негізде, еріп жүруші тұлғамен қарастырылған жолдамалар бар.

Еріп жүретін адамға мынадай талдаулар жүргізілуі тиіс:

Микрореакция.

Бак/ себінді нәжісі.

Кеуде қуысының флюорографиясы.

COVID-19(КВИ) зертханалық зерттеуінің теріс нәтижесінің болуы.