Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Балаларды ерте оңалту орталығы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2018 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Біздің орталық 3 жастан 7 жасқа дейінгі жүйке жүйесі аурулары бар балаларды сауықтырады және оңалтады. Оңалту орталығында балалар өздігімен  және ата – аналарымен бірге жату мүмкіндігі бар . 75 төсек орын қарастырылған.

Балаларды оңалту кешенді түрде жүргізіледі, барлық балалар физиопроцедуралар, массаж алады, емдік денешынықтырумен айналысады және логопед сөйлеуді түзетуді қажет ететін балалармен жеке және  топтық сабақтар өткізеді.