Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл! Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, орталығымызда «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты тақырыпта мерекелік іс- шара өтті. Орталықтың директоры Тулекова Насихат Даулетовна барша қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап,алғыс хаттармен марапаттады. Іс- шара концерттік бағдарламаға ұласып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйланды.