«Балаларды ерте оңалту орталығына» қайырымдылық жасалды

Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әр кезде табылады. Осы орайда Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Репспубликасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Nur Otan» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, «Арай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы «Балаларды ерте оңалту орталығына» қайырымдылық жасауға, жақсылық жасаудан еш аянбады.
⠀ Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Біздің орталықтың сұранысын елеусіз қалдырмай, арнайы келгендеріңіз үшін алғысымызды және ризашылығымызды білдіреміз.

Enroll Your Words